Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД ғимаратында өткен баспасөз жиынында бірыңғай кезекшілік бөлімінің басшысы Асқарбек Омаров айтты.

- Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік нысандар бар, - дейді Асқарбек Омаров. –  Екібастұз қаласындағы  № 7 мектептің 370 шаршы метрі, № 33 мектептің бес шаршы метрі зақымданған. Павлодар қаласындағы бұрынғы жатақхана болған Чкалов көшесі, 118/1 бесқабатты үйдің төбесі де қатты желге төтеп бере алмады.  Бұл бағытта жеке құрамнан 140  адам  мен 63 техника жұмылдырылды.

Айтуынша, көліктер елді мекеннен тыс  жолға шығып кетпеу үшін өңірде 21 бекет орнатылған.  Жергілікті полиция қызметінен 104 адам  мен 30 техника, ТЖД тарапынан 12 техника  мен   41 адам жұмыс істеген.   Сонымен қатар, облыстық республикалық маңызы бар тас жолдарда 109 жылыту пункті дайындалды.  

- Қатты боран салдарынан 75 елді мекен жарықсыз қалды. Қазіргі таңда жағдайды қалыпқа келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс жүргізілуде. Дағдарыс орталығында жедел штаб іске қосылды.  Әсіресе, солтүстік аймақтардағы Качир, Ақтоғай, Железин және Ертіс аудандарының тұрғындары жарықтан ажырады. Өңірде ауа райының қатаң қабақ танытуы  кесірінен зардап шеккендер болмады, - дейді маман.  

Қазіргі таңда облыс бойынша барлық тас жолдар ашық. Шідерті кентінен Ақмола облысына дейінгі шекарада ғана көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: zn.ua

pavlodarnews.kz