Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сөйтсе, мұндай жағдайда өзіндік ерекше ақуыз белсенді қызмет етіп, ол адамның орталық жүйке жүйесінің жас ерекшеліктерін тежеуі мүмкін болып шықты.

Зерттеу барысында биологтар бауыр-ми тосқауылындағы кәрі клеткалардың қандай гендері белсенді болғанын анықтады. Сараптама барысында жас кеміргіштер пайдаланылды. Олардың бас сүйегіне кәрі жануарлар қанының плазмасы құйылды. Ғалымдар мұндай процедураның мидың білім алу, есте сақтау қабілетін қалыптастыратын бөлігіне қандай әсері болатынын тексерді.

Сонда тосқауыл клеткаларында 1 (VCAM1) ерекше ақуыздың синтезіне жауап беретін гендер белсенді жұмыс істей бастағаны байқалған. Бұл ақуыз гиппокампта жаңа жүйке клеткаларының пайда болуына бөгет жасайды. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің иммундық клеткаларының зақымдануына әкеп соғады.

Ғалымдардың айтуынша, VCAM1 әрекеттерін тоқтату мидың қартаюын тежейді.

pavlodarnews.kz