ТЖ басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өңірдегі боранға байланысты құтқару жұмыстарына жүріп өту мүмкіндігі жоғары екі  техника және Екібастұз гарнизонының жеке құрамынан 11 адам, қаланың коммуналдық қызметінен алты арнайы техника іске кіріскен.

- Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмыстарының нәтижесінде облыстық маңызы бар тас жолдардан 15 көлік шығарылып, 24 адам құтқарылды. Сонымен қатар, облыстық ТЖД Екібастұздағы жедел-құтқару бөлімшесімен республикалық маңызы бар автокөлік жолдарынан 68 адам, 39 автокөлік эвакуацияланды, - дейді басқарма мамандары.

pavlodarnews.kz

Тэги: