Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, коттеджге жапсарлас кірпіштен салынған қазандықтың бір шаршы метр аумағы жанған. Оқыс оқиға орын алғаны туралы хабарлама сағат 17.26.-да түскен, сағат 18.13-те толығымен сөндірілген.

-  Бұл жер түрлі  шараларды өткізу мақсатында жалға берілетіні анықталды. Түтіндіктің жанындағы ағаш қоршаулар өртенген.  Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде жылыту қазандығы  жарылған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.  Тұрғындардың барлығы дін аман. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында № 2, 34 өрт сөндіру бөлімдері, № 2 өрт сөндіру бекеті, үш техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.  

Ақбота Сейсенбаева
Фото:http://mchs.gov.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам