Автордың 85 жылдығына арналған көрмеде автордың 40 фотожұмысы көрсетіледі.

Краснянский Борис Захарович – «ОРИОН» фотоклубының мүшесі (1975 ж.), Ресей фотосуретшілер Одағының мүшесі, Бүкілодақтық өнерпаздар шығармашылығы байқауының екі мәрте лауреаты, «Тёмный фонтан» француз фотографиялық қоғамының құрметті мүшесі, Бүкілодақтық «Родина любимая моя» телевизиялық байқауының дипломанты, елімізде және бірнеше шетелде өткен көрмелердің лауреаты.

Экс-ан-Прованс қаласындағы «Фонтан обскур» фотосүюшілер қоғамының шақыртуы бойынша екі рет Францияға барған (1993 және 2014 ж.ж.). Автордың фотографияға деген қызығушылығы жоғары. Ол пейзажды, портретті, архитектураны, жанрлық суреттемелерді жақсы көреді.

Борис Краснянский 1933 жылы 21-қаңтарда Ростов облысы Миллерово қаласында дүниеге келген. Суретке түсірумен мектепте оқып жүрген кезінен айналысқан. Оның алғашқы фотоаппараты - 1943 жылғы «Rolleyflex».  Кәсіби тұрғыдан  бұл іспен айналыса бастағанда «Фотокор» фотоаппаратын пайдаланған. 1962 жылдан бастап Павлодар қаласында тұрады.

Көрменің ашылуы:  20 қаңтар, сағат 15.00-де.

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет