Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел адам "екі аптадан бері құрғақ жөтел бар және кеудемнің оң жағы шаншиды" деп дәрігерге келеді. Ол мамандарға жүгінгеннен 5 күн бұрын жоғарғы тыныс алу жолдарына вирусты инфекция түскені анықталған. Бірақ оған дәрігердің жазып берген емі көмектеспепті.

Кейін оны қараған дәрігерлер оң жақ қабырғасының қатты көгергенін және сезімталдығын байқайды. Емделуші өзінің еш жерде жарақат алмағанын айтты. Ал, компьютерлік томография оң жағындағы тоғызыншы қабырғаның сынғанын анықтады.

Содан соң әйел адамның мұрнынан алынған сараптамадан көкжөтелдің таяқшасы табылды. Ол көкжөтелге қарсы АКДС екпесін сегіз жыл бұрын салғызған. Дәрігерлер оған «көкжөтелмен ауырып қалды» деген диагноз қойды. Әйел енді антибиотиктермен ем қабылдайды. Сондай-ақ, мамандар оның сынығын хирургиялық жолмен қалпына келтіріп, қабырға арасындағы «грыжасын» алып тастады.

Мұндай инфекциялық аурудың белгісі – булығып жөтелу. Болған жағдай көкжөтел кезінде қатты жөтел қабырғаны сындырып, оның арасындағы қан тамырларына зардабын тигізуі мүмкін екенін растайды.

pavlodarnews.kz