Бұл туралы әр сейсенбі сайын өткізілетін кезекті кәсіпкерлер күнінде «Ақсу металлургиялық зауыты» ЖШС-нің директоры Александр Мартынюк айтты.

- Өңіріміздің маңызды инвестициялық жобалардың бірі Ақсу электр-металлургия зауыты болып табылады. Бұл ауқымды өнеркәсіп нысанының пайда болуы Ақсу қаласының, Павлодар облысының тіпті, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Жаңа зауытта жылына 50 мың тоннаға дейін ферросилиций өндіріледі.

«Ақсу металлургиялық зауыты» ЖШС-нің директоры Александр Мартынюктің айтуынша, жоғары вольтті электр тасымалдаушы бойынша құжаттарды қабылдау аяқталған. Қазақстан даму банкінде ферроқорытпа өндірісі үшін 107 млн доллар көлемінде несие алу мақсатында құжаттар жиналуда. Кепілдікке электрмен жабдықтау желісі қаралады. Сонымен қатар, құрылысқа қатысуы мүмкін компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Серіктестіктің жер телімі жөнінде туындаған мәселесін Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко жер қатынастары мен архитектура және қала құрылысы бөлімдеріне қарауды тапсырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: