Бұл жөнінде агенттікке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімов айтты.

- Министрлікке 17 мың тонна дизельдік отынға өтініш жіберілген, - деді Есентай Мүрсәлімов. – Бірақ дәл былтырғы мөлшерде 16 мың тонна жанар-жағармай бөліп отыр. Өткен жылғы берілген жанар-жағармай толығымен жеткен. Биыл да жеткілікті болады деп отырмыз. Оны аудандарға бөліп береміз. 4 мың тоннасы наурыз айында, 6 мыңы сәуірде, 6 мың тоннасы мамыр айында беріледі. Наурызда кейбір шаруа қожалықтары несиелерін толығымен алып үлгермегендіктен және қаражаттың жетпеуіне байланысты 4 мың тонна ғана бөлінеді.

Бөлім басшысының айтуынша, өңірімізде наурыз айында дайындық жұмыстары жүріліп, сәуір, мамыр айларынан бастап егін егу жұмыстары басталады.

Айта кетейік, обылыс бойынша өткен жылы 1 млн 191,9 мың гектар жерге 118,2 мың тонна тұқым себілсе, биыл 1 млн 329,9 гектарға 126 мың тонна себу жоспарлануда.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: