Бұл туралы агенттікке Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қаршыға Арынов айтты.

-   2018 жылдың 1-сәуірінен бастап 120, 160  және 200 шаршы метрден учаскелер берілуі тиіс,  - дейді  Қаршыға Арынов. – 24-қаңтар күні Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет үйінде осыған байланысты банктер мен құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен жиын өтеді. Әр банктің өкілі өз ұсынысын білдіріп, ойын ортаға салады. Пайыздық мөлшерлемелері де таныстырылады. 400 үй – бұл шамамен 40-50 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті және астаналық екі-үш компания қатысуы мүмкін. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда металлургтар шаһарында  баспана алу кезегінде 3500-ға жуық адам тұр. Арнайы комиссия конкурсқа қатысушылардың төлем жүргізуге қабілеттілігін тексеріп, банктер қорытынды ұсынады.

Бірінші жылы үйлердің сыртқы қорабы тұрғызылса, келесі жылы ішкі жұмыстары жүргізіледі.  Жаңадан бой көтеретін қос шағын ауданда бір мектеп, екі балабақша, өрт сөндіру депосы мен дүкен  орын алады.

Ақбота Сейсенбаева
 


pavlodarnews.kz