Ескерткіш қоладан, іргетасы қызыл және сұр граниттен жасалды. Жас мүсінші Мұрат Мансуров С. Торайғыров шығармаларының тақырыбын арқау етіп, мемориал аясындағы көркемсурет мұражайының қабырғасын көркемдеді. Екі бедердің әрқайсысының биіктігі 3 метр, ені 6 метр. Іргетастағы пирамида тәріздес екі шағын пішіннің мағынасы бар. Ақын ұзақ ғұмыр сүрсе, қазақ әдебиетінің биік шыңдарына көтерілер еді. Еңбек сіңірген өнер қайраткері Есхан Сергебаев  туындының авторы болып табылады. С. Торайғыровтың ескерткіші республикалық маңызға ие болып, қаланың көрікті орнына айналды.

pavlodarnews.kz