"Баянтау" спорт кешенінде өткен жарыста 20-қаңтар күні «Ертіс-Қазхром» «Қарағанды» қыздарын қабылдап, 3:0 есебімен сенімді жеңісіне жетті.

Ал, 19-қаңтар күні көш басында тұрған өскемендік «Алтаймен» бақ сынасқан жерлестеріміз есе жіберді.

Алғашқы екі кезеңде павлодарлықтар басым болғанымен, шығыс-қазақстандық спортшылар есепті қысқартып қоймай, таразы басына теңдік орнатты. Шешуші серияда қонақтардың мерейі үстем болды. Ойын 2:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жуырда Павлодар облыстық волейбол федерациясының президенті атанған облыс әкімі Болат Бақауов «Ертіс-Қазхром» - «Алтай» арасындағы кездесуді арнайы келіп тамашалады.

Үшінші тур ойындары Павлодарда 25-қаңтарға дейін жалғасады.
Тур күнтізбесі келесідей:

21-қаңтар (жексенбі)
(12:00) Қуаныш – Астана ВК
(14:00) Алтай – Алматы ВК
(16:00) Қарағанды ВК – Алтай-2
(18:00) Ертіс-Қазхром – Жетісу

22-қаңтар (дүйсенбі)
Демалыс

23-қаңтар (сейсенбі)
(12:00) Алтай-2 – Қуаныш
(14:00) Жетісу – Қарағанды ВК
(16:00) Астана ВК – Алтай
(18:00) Алматы ВК – Ертіс-Қазхром

24-қаңтар (сәрсенбі)
(12:00) Алтай – Алтай-2
(14:00) Қарағанды ВК – Қуаныш
(16:00) Жетісу – Алматы ВК
(18:00) Ертіс-Қазхром – Астана ВК

25-қаңтар (бейсенбі)
(12:00) Алматы ВК – Қарағанды ВК
(14:00) Қуаныш – Алтай
(16:00) Астана ВК – Жетісу
(18:00) Алтай-2 – Ертіс-Қазхром

Абзал Қабдраш
Фото: Дархан Өмірзақов

pavlodarnews.kz