Қазақстан Республикасының жалауы мен колонналар қатарын салу жобасыТәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай әзірленген. Классикалық үлгімен тұрғызылған колонналар қатарының ортасында биіктігі 40 метр ту қадасы орнатылған. Байрақтың ұзындығы 10 метр, ені 20 метр. Көрікті орынды ашу салтанатына соғыс және еңбек ардагерлері, қоғам өкілдері, жастар бірлестіктерінің көшбасшылары, әскери бөлімдердің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Мемлекеттік ту – отанымыздың бөлшегі, біздің қарқынды дамып келе жатқан жас республикамыздың басты рәміздерінің бірі. Аспан түстес жалау – халқымыздың бостандық пен тәуелсіздік, бейбіт еңбек пен амандық туралы көпғасырлық арманының белгісі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүгінгі күні біздің көк байрағымыз төрткүл әлемге танымал болды. Нысан Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ашылып, ең әсем демалыс орындарының біріне айналды.

 

pavlodarnews.kz