Коньки жарысынан 1998 жылы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қысқы Азияда ойындарының екі алтын медаль иегері, конькт спорты бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Людмила Прокашева Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындары туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында осылай деді.

Айта кетейік, Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жеті павлодарлық спортшы қатысады. Олардың қатарында биатлоншылар Максим Браун, Дарья Климина, шаңғышы Анна Шевченко, шорт-трекшілер Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев пен Ким Йонг А бар.

- Коньки спортшыларына тоқталсам, талантты жастар бар, - дейді Людмила Прокашева. - Екі жөсөспірім спортшымыз алғаш рет Олимпиада ойындарында бақ сынайды. Бұл олар үшін үлкен тәжірибе береді. Ал, павлодарлықтардың да бағындырар белестері жоқ емес. Максим Браун осы жылы өзін тамаша көрсетуде, әлем чемпионатында үшінші орын алды. Анна Шевченко өз бапкерімен бірге өсіп келе жатыр, осы қыста ол оны дәлелдейді деген сенімдемін. Шорт-трекшілер орын алса қуанамын.

Еске салайық, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы шорт-трекшілеріміз Олимпиада ойындарында жүлде алса, алдағы жылы аталмыш спорт түрінен жеке база салынатыны туралы айтқан болатын. Себебі, шорт-тректің дайындалу базасы өңірімізде жоқ. Әлемдік жарыста облыс намысын қорғауға қостанайлық спортшылар аттануда. Олардың тұрғылықты мекенжайы Павлодар қаласында тіркелген.

- Бар түсінгенім, мұның бәрі өзіміздің жастарға мүмкіндік болмаса, өзгелер пайдалансын деген тәрізді, - дейді Людмила Прокашева. - Менің 1998 жылы алған қола медалімнің Павлодар өңірінде коньки базасын салуға жетпеген сыңайлы. Дегенмен, біз қыс бойы аязды далада дайындықты тоқтатқан емеспіз. Ал, біздегі бар мұзда кәсіби деңгейде жаттығу мүмкін емес. Әрине, шорт-трекшілер орын алып, облыста осы спорт түрі дамып, инфрақұрылым ілгері жүрсе тек қуанатын едім. Футбол алаңы, бассейн салынғаны жақсы. Бірақ Павлодар облысында қысқы және жазғы Олимпиада ойындарынан жүлдегерлер жоқ. Мен медаль ұтқалы 20 жыл болды. Біздің елде былай: «Жеңіске жеттіңдер ме, жарайсыңдар, енді өздерің дайындала беріңдер!». Қандай да бір спорт түрін дамыту үшін оған жағдай жасау керек. Мысалы, бізде академиялық есуді қайта жаңғыртуда. Бұл коньки спортынан бірнеше есе қымбат. Бізде академиялық есудің базасы жоқ. Усолкадағы алаң... кешіріңіздер... Мұның бәрін кімнің жасап жатқанын білмеймін. Менің Марат Айдашевқа (облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы) мінім жоқ, «жас конькишілермен Астанада дайындалыңыздар» дейді, алайда біздің жас балалар жыл бойы елордада жүре алмайды. Үйінде, отбасында болу керек. Бір адамның қолынан келетін дүние емес. Ең бірінші кезекте Павлодар облысында қолданыстағы спорт түрлерін дамыту қажет.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, қазіргі таңда қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алған.

Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz