«Өзіме-өзім Pavlodarnews» байқауына Ертіс өңірінің 17 жасқа дейінгі кез келген тұрғыны қатыса алады. Балалар өзінің жанұясы, оқу орны немесе сүйікті ісі туралы қызықты да танымды бір минуттық ролик жасауы керек.

Дайын видеоларды сайтымыздың info@pavlodarnews.kz  ресми электронды поштасына жіберуге болады.

Материалдар 2018 жылдың 26-ақпанына дейін қабылданады. Байқаудың қорытындысы 1-наурыз күні шығады және ең үздік жұмыстар Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінде жарияланады.   

Ең үздік бейнерепортаждардың жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Видеоны Серік Қапаров түсірді

pavlodarnews.kz