-    2017 жылдың 15-қазанынан бастап 2018 жылдың 31-қаңтарына дейін өңірдегі тұрғын үй секторында 186 өрт (2017 жылы – 179) тіркелді, - дейді Ренат Валишанов. - Материалдық шығын 13 млн 430 мың теңгені құрады (2017 жылы - 17 млн. 520 мың теңге).  Тілсіз жау 16 адамның өмірін қиып кеткен. Оның  үшеуі – бала. Сонымен қатар  жарақат алған 15 адамның үшеуі – бала.

Маманның айтуынша, облыс бойынша жеке  тұрғын үй секторын аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан ысты газдан улану оқиғалары жиілеген. Жылу маусымы басталғаннан бері 12 адам жарақаттанған  және екі адам көз жұмған.

Ысты газдан уланудың алдын алу мақсатында арнайы құрылғы орнатуға кеңес беріледі. Елімізде былтырғы жылы  алғашқы болып аталмыш жобаны Өскемен өңірі бастаса, биыл бұл тәжірибе Павлодар облысында жалғасын табуда.

-    Өз басым көпқабатты тұрғын үйде тұрсам да, осындай құрылғы сатып алдым. Себебі автономды түрде жұмыс істейтін құрылғы улы газдың таралуы туралы хабар береді. Бұл датчик шамамен 40 шаршы метр аумақты қамтиды, - дейді Ренат Валишанов.

 Айта кетейік, ТЖД департаменті өткізген акция баырсында «BESTSHOP» жеке кәсіпкерлігі аз қамтамасыз етліген және қолайсыз топқа жататын 10 отбасына мұндай құрылғыларды тегін орнатып берген.

Ақбота Сейсенбаева
 Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды
 

pavlodarnews.kz

Тэги: