Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі xабарлайды.

"Мемлекеттік қызмет істері академиясында (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - авт.) цифрландыру бойынша арнайы семинарларды өткізу керек деп ойлаймын. Сол жерде кәсіби мамандар цифрландыруға жауапты орталық және аймақтық басшыларға бәрін жіті түсіндіріп берсін. Соңында барлығы емтиxан тапсырып, арнайы куәлік алсын. Осы мәселені пысықтап алу қажет. "Нұр Отан" партиясы да атсалысуы тиіс", - деді Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, мәжіліс кезінде Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелерін xалыққа кеңінен түсіндіруді жүктеді. "Цифрландыру барлық мәселелерімізді шешіп беретін нәрсе емес. Бұл - индустриялды революцияның басы ғана. Демек, алда тұрған мақсат-міндеттер көп. Ең соңында жасанды интеллектке келуіміз керек", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

pavlodarnews.kz