Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

«Рухани жаңғыру» бойынша көп жұмыс атқарылды. Жаңа латын әліпбиі қабылданды. Ең соңғы өзгерістерді мен кеше көрдім. «І» деген әріп бар қазақта, іні деген сияқты. Ол - латында да бар әріп. Сол «і-ні» і деп қалдыру ұсынылып жатыр қазір. Ағылшын тілінде біздің «е» «и» деп оқылады. Ойланайық. (...) Кезең-кезеңімен, ақырына дейін жеткізіп, түбегейлі шешім қабылдап, реттеп енгізуді бастауымыз керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болуы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Естеріңізге сала кетсек, бүгiн Астанада Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтiлген Үкiмет отырысы өтiп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

pavlodarnews.kz