Бұл жөнінде қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.

 Әр сенбі сайын Суворов көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне таңғы сағат 7.00-ден күндізгі сағат 13.00-ге дейін  № 1, 3, 4, 6, 40, 41, 42, 111 бағытындағы автобустар жүретін болады.

 Әдеттегідей, өндірушілер сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, макарон, кондитер және басқа да өнімдерді саудалайтын болады.

 Жәрмеңкеде 3750 келі сиыр еті, 3800 келі   жылқы еті, 700 келі қой еті, 500  келі  шошқа еті,  12000 литр  сүт өнімі, 20000  келі картоп, 20000  келі көкөніс саудаланады.

 

 Суретті түсірген Валерий Бугаев

 

 

pavlodarnews.kz