Бұл туралы  облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Сергей  Сытник айтты.

- Биылғы қыста 11-12 қаңтар күндері ауа райына байланысты бір ғана қауіпті құбылыс тіркелді, - дейді Сергей  Сытник. - Кейбір аудандарда  желдің жылдамдығы  секундына 39 метрді құрады. Бұл бағытта қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Кеше департаментке Ақсу қаласы бойынша төтенше жағдай жөнінде әкімдіктің қол қойылған шешімі түсті. Бүгінгі таңда бұл хабарландыру әділет органдарына тіркеу үшін жіберілді. Тіркеуден кейін нақты қажет соманың көлемі анықталады. Себебі  зақым келген ғимараттардың бір бөлігі  жеке тұлғалардың жеке немесе демеушілік қаржы есебінен қалыпқа келтірілген.

Бөлім басшысының айтуынша,  осы хабарландырудан кейін нақты жұмыстар атқарылады. Үш ғимаратқа бағалау жүргізілген соң қалалық бюджеттің есебінен жөнделеді. Егер де  мұндай сома қалалық бюджеттің резервінде болмаса, облыстық бюджетке өтініш жіберіледі. Бұл - білім беру және мәдениет нысандары.

Еске сала кетейік,  облыста қатты  жел 13 нысанның 2200 шаршы метр шатырын жұлып әкеткен.

Ақбота Сейсенбаева
Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды



 

pavlodarnews.kz