Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аудан әкімі Кәрім Жақыпов жобаның бизнесмендердің жекеменшік иелігі екенін жеткізді.

2017 жылдың ақпан айында әкімдік БАӘ бизнесмендерінің инвестициялары арқасында жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Бұл инвестицияның жалпы құны – 420 млн доллар. Алғабас ауданында мұнай өндіру зауытының құрылыс жұмыстары үш жылға созылады.

Аталған зауыт қолданысқа берілгеннен кейін 200 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 9 ақпан күні Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында төртінші мұнай зауытын жылдам салу мәселелерін қарастыруды тапсырған болатын.

 

pavlodarnews.kz