Олимпиаданың алтыны швециялық Шарлот Калланың қанжығасына байланды. Ол мәре сызығын 40 минут 44.9 секунд уақытымен кесіп өтті.

Норвегиялық Марит Бьёрген екінші орын (+7.8 сек) иеленсе, Финляндия елінің спортшысы Криста Пярмякоски (+10.1 сек) үшінші орынды жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар арасында Анна Шевченко 36-ыншы болды. Павлодарлық спортшы жеңімпаздан 30 минут 40.2 секунд кешігіп жетті.
Елена Коломина – 54-інші (+5 минут 43.6 сек).

Өкінішке орай, Валерия Тюленева жарысты соңына дейін жалғастыра алмады. Аяғынан шаңғысы түсіп қалған ол жарыс жолынан шығып қалды.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz