Алдағы уқытта жәрмеңке ашық аспан астында емес, Суворов көшесі, 11 мекенжайы бойынша өтеді.

– Жабық коммуналдық базар ашуды көптен бері ойлап жүрген едік, – дейді қала әкімі Нұржан Әшімбетов. – Себебі қыстың күні тұрғындар жаз мезгілінде аптап ыстыққа, қыста қатты аязға шағымданатын. Енді өз ғимаратымыз бар. Күн сайын сауда жасай аламыз. Біз Суворов көшесі, 11 мекенжайы бойындағы сауда орталығымен меморандумға қол қойдық. Кәсіпкер бес жылға мың шаршы метр залды тегін береді. Көрші ғимаратта ет базарын ашамыз. Қоныс аударғаннан кейін ауылдықтарға арналған орындарды алыпсатарлар алып алмау үшін мұнда тек қана тізім бойынша кіруге рұқсат беріледі. Оны ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі ұсынады.

Шаһар басшысы баға бірқалыпты болады деп уәде берді. Қала әкімінің айтуынша, жуырда тоңазытқыштар орнатылады. 

– Фермерлерге күнде тауарын тасып жүрудің қажеті болмайды. Бірден сатып жібермеген тауарды қоймада қалдыра алады. Ол үшін мекеме иесіне ақы төлеу керек. Тым болмағанд көлік шығындары қысқарады, – деді Нұржан Әшімбетов.

Базардың басқа жаққа көшуі тұрғындар арасында дүрлігу тудырды. Кейбіреулердің жаңа орынға көңілі толмады. 

– Бүгін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне алғаш рет келдім, – дейді Сара Омарова. – Маған мүлдем ұнамады. Барлығы бірін–бірі итеріп, өткізбей қояды. Ет сатып алдым: қаз бен үйрек. Жылқының жақсы етін таба алмадым. Дүкендермен салыстырғанда баға әлдеқайда арзан. Кезек азаятын болса, осында келіп отырамын.

Сатушылардың арасында да шағымданғандар табылды.

– Бізге үстел берген еді. Бірақ тым кішкентай. Біз зауытты таныстырамыз. Алайда тауарды қоятын орын жоқ. Бұған қоса, өндірушілер өзара жанжалдасып қалғанымыз аздай, жақындай алмағаны үшін адамдар бір–бірімен төбелеседі. Тіпті, ұрлық жасайды! Бүгін 200 теңге тұратын сүт құйылған бөтелкені ұрлап кетті, – деп ашуланады качирлық «Bestmilk» және «Молком» сүт зауыттарының өкілдері. – Сондықтан үлкендеу орын сұраймыз. Көшеге қарағанда мұнда жақсы. Таза, ыңғайлы. Тоңазытқыш берсе, бұдан да жақсы болады. Жаз мезгілінде тауар салқында тұруы керек. 

Қала әкімі бұл жағдайды реттеуге уәде берді.

– Қазір мұнда құйылмалы сүттің литрі 100 теңге, ал дүкендерде орташа баға 180 теңге, - дейді Нұржан Әшімбетов. – Адамдар бес литрлік конистрлермен келеді. Нәтижесінде 400 теңге үнемдейді. Сүт зауытына фермерлер сүтті көтерме бағамен 120 теңгеден сатады. Сондықтан 20 теңгеге көтерілуі мүмкін. Көпшілік сүт жылдам таусылып қалды деп шағымдануда. Бүгін екі сүт таситын машина тұманға байланысты келе алмады. Фермерлер жабық базар мен тегін орындар сұрады. Оны да бердік. Енді қалғанын фермелерлер жасауы керек. Егер де олар сөздерінде тұрса, күн сайын сауда болады. Сонда бүгінгідей кезек орын алмайды. Мәселен, базарда әрдайым «Галицкое» және «Победа» шаруа қожалықтарының тауары болатынын білген жағдайда тұрғындар әлбетте келеді. Алыс елді мекендегі қожалықтарға ыңғайлы болу үшін кесте құрамыз.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz