16 Тамыз 2018 жыл
Қаз Рус
Рус Каз

Қыран-2018: Он үш жастағы бүркітші бас жүлдені жеңіп алды

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Алматы ипподромында үш күннен бері саятшылық өнерді жаңғыртқан құсбегілердің «Қыран - 2018» республикалық турнирі бүгін мәресіне жетті. Қырандар сайысына еліміздің 10 өлкесінен 50-ден астам саятшы келді. Сонымен қатар, Моңғолиядан да келіп, өнер көрсеткен қандастарымыз турнирдің мерейін арттырды. Сайыс қорытындысы бойынша 13 жастағы бүркітші Бексұлтан Сейітжан бірінші орын алып, 200 мың теңгелік сыйлыққа ие болды.

«Қыраным Хан Тәңірдің арқасында жеңіске жеттім. Оңай болмады. Орын алу үшін көп еңбектедім. Қолыма қыран құсты қондырғаныма 5 жыл болды. Бірінші орынды кез келген құс ала бермейді ғой. Мұның алдында Көкшетаудағы жарысқа қатысқам. Өкінішке орай, қояннан алданып қалып, финалға өте алмай қалғам. Келесі жылы да осындай жүлдені аламын деп ойлаймын. Өзім Еңбекшіқазақ ауданынан келдім», - деді жас бүркітші ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап беріп.

Республикалық турнирдің екінші орын жүлдесін алматылық Ғабит Таңат (150 мың теңге) еншілесе, үшінші орынға Мұратхан Даулетхан (100 мыңтеңге) ие болды. 4, 5, 6-ші орындарды өзара Арманбек Күнтуған, Бақдаулет Бабажан, Алмас Сейтжан бөлісіп, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Айта кетейік, сайыстың бірінші күні, іріктеу кезеңінде саятшылар көрермендерге құсты қолға қондыру, шырға тарту сияқты өнерлерін көрсетті. Ал, келесі кезеңге өткен бүркіттер қоян мен түлкіге түссе, қаршыға мен ителгілер қолға шақырылып, көгершін аулады. Аталған спорт түрі Алматыда алғаш рет 1988 жылы көршілес қырғыз, түркімен елдерінің қатысуымен өткен болатын.

Жаңалықтар

Система Orphus