Бұл бастаманы экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Бойчин қолға алған.

- Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 10 - 11 сыныптарда «Экономика және қаржылық сауаттылық» курсын енгізу көзделіп отыр. Банк саласының тәжірибелі мамандары қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курсты таңдаған оқушыларға практикалық курстар өткізеді. Курс 14 сағатқа жоспарланған. Бағдарламада оқушыларға несие карталарды пайдалану, несие беру жағдайларын, мерзімді салымдар ашуды, түрлі төлемдерді онлайн-қызметтерде іске асыруды, кассалық және аудармалы операцияларды жүргізуді үйретеді, - дейді ұйымдастырушылар.

Бұдан басқа, тәжірибелі мамандар оқушыларды SMS-банкингтің басымдылығына, есеп шоттарын қашықтан пайдалануды, «myHalyk» мобильді қосымшаларын қолдануды, Интернет желісінде есептесу мүмкіндіктерін үйрету міндеттерін іске асыруды көздеп отыр.

2018 жылға 12-ақпанда №17 мектепте (Катаев көшесі, 68) жобаның басталу рәсімі өтеді және «Қаржылық сауаттылық» бойынша арнайы кабинет ашылады.

Бағдарламаны таныстыру барысында оқушылар теңге тарихынан қызықты фактілер туралы біледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының төлем карталарын алғашқы болып Павлодар облысында пайдаланған. Балаларға ақшаның түпнұсқасын (шынайылығын) ажырату тәсілдері көрсетіледі.

Бұл жоба қаланың 44 мектебінде жүзеге асырылады деп күтілуде. Аталған курстарда 8 - 11 сыныптардың 1000-нан астам оқушысы қамтылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика