Баспасөз хатшысы Әсем Айыпованың айтуынша, аталмыш клубтың негізгі ерекшелігі оқушылар шетел сөздерін үнемі жаттамайды. Оқулықтар бойынша ағылшын тілін оқу арқылы емес, дастархан басында кофе-шай ішіп, тек қана ағылшын тілінде әңгіме-дүкен құрады. Балалар ағылшын тілінде ән мен би үйреніп, мультфильмдерді тамашалайды және жаңалықтарды талқылайды.

 - Клубтың оқытушысы Колумбия елінен келген Анхелика Бургос. Бүгін клубтың ашылуында Анхелика келген балаларға өзінің елі Колумбия жайлы айтып, Богота қаласы жайлы ағылшын тілінде әңгімеледі. Сонымен қатар Анхелика өз елінің дәстүрлері, тағамы, әншілері мен футболистері туралы  баяндады. Біздің клубқа жазылу үшін englishclub.dvorec@mail.ru атты электрондық поштаға өтініштерді жіберу керек. Толық ақпаратты +7777 975 3016 телефоны арқылы білуге болады, - дейді Әсем Айыпова.

Балалар «тинго-танго» атты колумбиялық ойын ойнап, бейнематериал тамашалады және топпен жұмыс жасады. Бұл ойын барысында балалар өздері туралы ағылшын тілінде айтып береді.  Топтарға бөлінген оқушылар өздерінің елі туралы ағылшын тілінде өз ойларын ортаға салды. Павлодар қаласының әрбір мектебінен клубқа 25 оқушыдан қатысады.

Клуб 7-ден 11-ші сыныптар арасындағы оқушыларды қабылдайды.  Сабақ жексенбі күні сағат 10.00 – де басталады. Ұзақтығы – 90 минут.

Ақбота Сейсенбаева

 Cуреттерді оқушылар сарайы ұсынды

 

pavlodarnews.kz

Тэги: