Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Gevora атты жаңа рекордсмен қонақүй Sheikh Zayed Road орталық шоссесінде орналасқан. Оның биіктігі - 356 метр, өзі 75 қабаттан тұрады.

Khaleej Times басылымының хабарлауынша, Дубайдағы бұл қонақүйдің ашылу салтанаты 12 ақпан күні өтеді. Осы уақытқа дейін Дубайдағы ең биік ғимарат JW Marriott Marquis қонақүйі болып саналған. 72 қабаттан тұратын екі мұнараның әрқайсысының биіктігі - 355 метр.

pavlodarnews.kz

Тэги: