Жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Рымкеш Сағынованың айтуынша,  жүйенің істен шығуы қалада алғаш рет орын алған.

-  Мұндай жағдай тек Замирамен ғана болған, - дейді Рымкеш Сағынова. – Бұл қателік министрлік тарапынан жөнделген. Бүгін қаңтар айы үшін жәрдемақы түседі. Арнайы әлеуметтік көмек алмайтын жандарға айтайын дегенім: жұмыспен қамту орталықтарына, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келіңіздер.  Бұл – бірегей республикалық бағдарлама. Егер де бағдарламада ауытқу болса, скриншот арқылы министрлікке жолдаймыз. Өзімізде түзету енгізе алмаймыз.

 Оның айтуынша,  қазіргі таңда жаңа форматтағы  АӘК-ті облыс орталығының 185 тұрғыны алған. Дегенмен болашақта олардың саны артуы мүмкін. Күнкөкөріс минимумы тоқсан сайын ауысып отыратынын ұмытпаған жөн. Сондықтан бөлім мамандары қаңтар айында жәрдемақы ала алмаған барлық павлодарлықтарды қайтадан келуге шақырады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары көмектің басқа түрлері туралы да айтып береді және бұдан әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен  білім алуды ұсынады.

 Еске сала кетейік, 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, атаулы көмек табысы аз отбасыларға арналған қолданыстағы үш әлеуметтік төлемді біріктіретін бірыңғай жәрдемақы саналады.
 

Томирис Бекжан

Суретті түсірген Елизавета Весленева

pavlodarnews.kz