Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов айтты.

-  3-қаңтар күні  Екібастұзда «ГРЭС-2» станциясының қызметкері  абайсыздықпен құлап, ауыр жарақат алған, - дейді Асқар Қапанов. – Ол бұл жағдай үшін өтемақы ала алады. Биылғы жылы соңы өліммен аяқталған жағдайлар тіркелмеді. Жалпы,  жұмысшы өзін бейнекамераға түсіріп тұрғанын білген кезде еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзуға қорқады. Сондықтан бейнебақылау орнатылған кәсіпорында техника қауіпсіздігі сақталады. Қазіргі таңда тексерулерді қысқарту жүргізілуде. Әрбір  жұмысшы өндіріс орнындағы қайғылы жағдай жазасыз қалмайтынын түсінеді.  

Спикердің айтуынша, 2017 жылы мемлекеттік инспекторлар 1441 хат пен азаматтардың өтініштерін қараған. Оның ішінде 145-і еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, 1262-сі еңбек қатынастары туралы. Хаттардың басым бөлігі еңбекақыны уақытында төлемеуге қатысты болса, үшеуі – халықты еңбекпен қамту  бойынша.  

Мемлекеттік еңбек инспекторлары түрлі жекеменшік формасындағы  кәсіпорындар  мен ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы мәселелеріне  байланысты 339 тексеріс жүргізген. Оның 17-сі – таңдаулы, 332-сі –  жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты жоспардан тыс.  Нәтижесінде 210 құжат ресімделіп, құжаттарда анықталған бұзушылықтарды жоюға қатысты 489 шара өткізу қарастырылған.

-  ҚР Еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты 26 әкімшілік ескерту жасалып, жалпы сомасы 22,1 млн теңге болатын 149 әкімшілік айыппұл салынды, - дейді ведомство басшысы.  

Ақбота Сейсенбаева
Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды

 

pavlodarnews.kz

Тэги: