Бұл туралы tengrinews.kz MedicalXpress хабарлайды.

Акситиниб препараты ангиогенезді - ішкі мүшеде немесе тінде жаңа қан тамырларының пайда болуын тоқтататыны белгілі, ал мұндай процесс қатерлі ісікте қарқынды жүреді.
Ал иммуномодуляциялық агент - пембролизумаб - иммунды жүенің бақылау нүктелерінің ингибиторы болып келеді. Бақылау нүктелері дегеніміз қатерлі ісіктің лимфоциттерді алдап, олардың шабуылынан құтылу үшін пайдаланатын арнайы ақуыздар. Пембролизумаб қатерлі ісіктің бірнеше түрін (маланоманың, өкпенің, қуықтың, бас пен мойын қатерлі ісігін) емдеу мақсатында FDA ұйымымен мақұлданған.

Мұның алдында ангиогенезді тоқтататын және иммунды жүйені күшейтетін дәрілерді араластыру сәтісз болып, аса токсинді қосындылар жасалған еді. Дегенмен бүйректің қатерлі ісігі бар 52 пациенттің қатысуымен өткен тәжірибе жаңа препараттың қауіпсіз екенін көрсетіп отыр. Дертке шалдыққандардың 90 пайыздан астамында ремиссия байқалып, ал дерттің меңдеуі 20 айдай тоқтап тұрған.

pavlodarnews.kz

Тэги: