Бұл жөнінде агенттікке дүкенді ұйымдастырушылардың бірі Гүлназ Қадыр  айтты.

- Қазақтың зергерлік, ағаш, былғары шеберлері мен тігіншілік өнерінің көркем туындыларын бір ортаға тоғыстырып, халық назарына ұсынып отырған «ҚазӨнер» мультибрендтік дүкенін Әсет Сейтахмет, Мейіргүл Абзалова есімді қаламыздың белсенді жастары ұйымдастырып отыр, -  дейді Гүлназ Қадыр.

Оның айтуынша, тауардың 70 пайызын ұлттық нақыштағы қолөнер туындысы құрайтын бұл дүкенде Қазақстанның үздік 100 брендінің қатарынан табылып, «Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамалдары» да бар. Бұл - осымен ел бойынша есептегенде эстарада жұлдызының өндіріп жатқан орамалдарының 20-шы ресми өкілдігі.

Жастар «ҚазӨнер» дүкенін ашуға екі жылдық дайындықпен келген.

 - Ғаламтор мүмкіндіктерін барынша зерттеп, озық технологияларды басты нысанаға алдық. Сауда орнын ашқан соң, бір ай бойы сынақ мерзімінде жұмыс жасадық. Зерттеу нәтижесіне сүйенер болсақ, бүгінде тұтынушының 80 пайызы бізге ғаламтор арқылы келуде, - дейді дүкен негізін қалаушылардың бірі Гүлназ Қадыр.

pavlodarnews.kz