Бұл туралы агенттікке облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Достық  ауылының маңында «Павлодар - Қызылорда» тас жолында  55 өзбек азаматы бар автобус сынып қалған. Көмекке Қалқаман кенттік полиция бөлімшесі мен ЖПҚ жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері  жеткен. Олар Достық ауылының мектебіне орналастырылды, - деді баспасөз қызметінде.

Жолаушыларды тамақтандырып, Ресей шекарасына дейін жеткізген. Әрі қарай ресейлік автобус алып кеткен. Сынған автобусты Павлодар қаласына сүйреп әкелген.
    
Жедел жоспарлы іс-шаралар кезінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймады, сонымен қатар облыс жолдарында қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсеткен.    

pavlodarnews.kz