Бұл туралы агенттікке облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы спорт бөлімінің бас маманы Әйгерім Байсалбаева мәлімдеді

- Құрлықтық бәсекедегі 4х400 метрлік эстафетада Қазақстанның ерлер құрамасы 2-ші орынға ие болды, - дейді Әйгерім Байсалбаева. – Біздің құраманың сапында жерлесіміз Сергей Зайков өнер көрсетті. Ол қазіргі кезде Павлодар қаласында. Алдағы уақытта жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогының 2-ші және 3-ші кезеңіне қатысады.

4х400 метрлік ерлер арасындағы эстафетада Катар құрамасы алтынға қол жеткізсе, ирандық спортшылар 3-ші орынға табан тіреді.

Әйгерім Байсалбаеваның айтуынша, эстафеташылардың белгілі нормативті орындаған жағдайда әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі болған. Алайда мүмкіндікті қолдан жіберіп алған.

- Жабық кешендегі чемпионат болғандықтан Серей Зайковқа арнайы сыйлық жасалған жоқ. Алайда, жетістіктеріне байланысты спортшы облыстық спорт басқармасынан ай сайын қаржылай сыйақы алып тұрады, - деді Әйгерім Байсалбаева.

Айта кетелік, Қазақстан жеңіл атлеттері Тегерандағы Азия чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Оразбек Саяхат
Сурет Павлодар облысының Жоғарғы спорттық шеберлік мектебінен алынды

pavlodarnews.kz