Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы қыркүйек айында «TechnodomOperator» АҚ-сы «Түнгі жеңілдіктер» акциясын жариялаған болатын. Сол кезде бір ер адам өз қызының туған күніне сыйлық жасаймын деп, AppleIPhone 7 ұялы телефонына интернет арқылы тапсырыс берген.

«Technodom» сайтында аталған құрылғының бағасы 219 990 теңге болып тұрған. Дүкенде менеджер тапсырыстың нөмірін салыстырып, есеп-қисап қағаздарын да жазып берді. Алайда сатып алушы өз тауарын ала алмады. Әкімшілік сайта көрсетілген ақпараттың техникалық ақаулықтан дұрыс көрсетілмегенін жеткізді. Ал AppleIPhone 7-нің бағасы 339 990 теңге болып шықты. Осыдан кейін ер адам басқа телефонды алуға мәжбүр болды.

«Астана қаласы Алматы аудандық соты арыз берушінің талаптарын жартылай қанағаттандырып, «TechnodomOperator» АҚ-сынан 50 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алды. Сот шешімі заңды күшіне енді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

pavlodarnews.kz

Тэги: