Бұл туралы  «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның 17 қаласында ауа сапасы төмендейді Қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Ақсай, Орал, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қарағанды Көкшетау, Петропавл, Талдықорган, Теміртау, Өскемен қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін болады. Атырау атмосферасында аздаған ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Сондай-ақ Ақтау, Жаңаөзен, Қостанай, Кызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында атмосфераға ластаушы заттар таралады, дейді Қазгидрометтегілер. Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия ескеріледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: