С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханасына келген комиссия мүшелері пандусты толық стандарттарға сай екендігіне көз жеткізді.

- Бізде сырғыма баспалдақ 1999 жылы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топқа қызмет көрсету бағдарламасы жүзеге аса бастағанда салынған. Соның арқасында біз арбаға танылса да, кітап оқуға ниеттілер қатарын көбейтіп алдық. Қазіргі күні ғимаратымызда мүгедектерге арналған арнайы бөлме бар. Көру қабілеті нашар адамдарға аудио мен бейнені тыңдау үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар жұмыс жасайды, - дейді кітапхана басшысы Шолпан Шахметова.

 

Мамандардың сөзіне сүйенсек, пандустың ұзындығы мен биіктігі 1:12 өлшеміне сай, ені 90-120 см болу керек.

Жолдың арғы бетіндегі Small сауда орталығында кіре беріс нормалары сақталмаған.

- Мұнда үш емес, төрт баспалдақ және кіре беріс аумағының ені 1,5 метр болуы қажет, - дейді «Доступный Павлодар» ҚБ-нің басшысы Александра Бобкова. – Есіктегі шыны жабдықтарда жарық түсті белгілердің жоқтығы жарымжан адамдардың әйнекті көрмей қалуына себеп болады. Көліктер тұратын жерде арнайы белгі жоқ.

Өз кезегінде супермаркет әкімшілігі бұл жағдайды басшылыққа жеткізетіндігін хабарлады.

Айта кетейік, мұнай-газ колледжінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус жоқ болып шықты. Колледж басшылығы бұл олқылықтың орнын толтыруға асығар емес.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам