Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

-  Өткен демалыс күндері төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ертіс өзеніндегі күзетілетін акватория аумағындағы жұқа мұздың үстінен сағат 16.10-де 12-13 жастағы екі ұл бала мен сағат 11.40-та 12 жастағы үш қыз баланы  алып шыққан. Олармен  мұздың үстінде жүрудің қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл биылғы жылы тіркелген алғашқы жағдай, - дейді департаментте.  

Мамандардың айтуынша, Усолка шағын ауданындағы сияқты  су айдындарында мұз толық қатқан. Сондықтан бұл аумақта серуендеу адам өміріне қауіп төндірмейді. Бірақ өнеркәсіптік және кәріздік суағарларда, өзеннің қатты ағатын  учаскелерінде мұз жұқа және қауіпті болады.

Төтеншеліктер өңір тұрғындарын мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді және  жұқа әрі қауіпті мұздың үстімен жүрмеуге  кеңес береді.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: