Бұл туралы агенттікке облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Қуаныш Қыдыралин айтты.

- Көлік жүргізу курсына 7-11 сыныптың оқушылары өз таңдаулары бойынша  қатысады, - дейді Қуаныш Қыдыралин. –   Аптасына екі рет 50 оқушыға жолда жүру ережелері туралы түсіндіріледі.  Агро-техникалық колледждің базасында машина тектес автосимулятор бар. Осы жерде көлік жүргізудің қыр-сырын меңгереді. Бұдан басқа,  «Жас ерікті» жобасы аясында өңірде алты -  «ІТ» «Туған жер», «Заңгер», «Эколәлем», «Ғасыр данасы» және «Медиа» бағыттары жүзеге асырылады.

 Оның айтуынша, көлік жүргізуші мамандығын игеріп жүрген жастардың арасында жылдың соңында  байқау ұйымдастырылады.  Сол кезде олардың  практикалық дағдылары бағаланады және «Ең үздік жүргізуші» анықталады.

Еске сала кетейік,  өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында колледждерде «Жас еріктілер» жобасы  іске асырылуда.  Аталмыш жобаның басты мақсаты – білім беру мекемелерінде еріктілер қозғалысын дамыту, білім алушы жастар мен қоғам белсенділерін көмекке мұқтаж азаматтарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуге жұмылдыру. Еріктілер отряды мен қозғалысты дамытуға бағытталған арнайы бағдарлама құрылған.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: