Бұл туралы ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Тараздан» шыққан жас дарын иесі өткен айдан бері ресейлік клубтың қаралымынан өткен соң, оған ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынылды. Бұған дейін «Қазақтан шыққан Месси» атанып үлгерген футболшыны Ресейдің екінші чемпионатында өнер көрсететін «Зенит» командасы да өз қатарына қосуға әрекет жасаған еді.

Таяуда ғана 18-ге толған Еркебұлан өткен маусымда «Тараздың» намысын қорғап, ҚПЛ-да өткізген 15 кездесуде 1 гол соқты. «Уфа» командасы Еркебұланды қазірдің өзінде әлемнің үздік футболшыларының бірінің есімімен «Лео» деп атап жүр.

pavlodarnews.kz