Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин 12 ақпан күні телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі мемлекеттің лидерлері КХДР ядролық қару проблемасын және өзге де алаңдатып отырған ортақ мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, Трамп Израиль мен Палестинаның «бейбіт келісімге» келуі қажет екенін айтып өтті.

«Путин Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен кездесетінін мәлімдеді, ал Трамп өз кезегінде тұрақты бейбіт келісім жасайтын уақыт келгенін айтты», - дейді АҚШ президентінің әкімшілігіндегілер.

Мұнымен қатар, америкалық лидер Ан-148 тікұшағында қайтыс болғандарға байланысты Путинге көңіл айтып, тергеу жұмыстарын жүргізуде көмектесуге дайын екенін жеткізді.

pavlodarnews.kz

Тэги: