Аталмыш жарыс алаңына қазақстандық үш спортшы шықты. Олар - Елена Коломина, Валерия Тюленева және павлодарлық Анна Шевченко.

Нәтжесінде 3:08.74 уақытымен швециялық Стина Нильссон мәре сызығын бірінші болып кесті. Норвегиялық Майкен Касперсен Фалла екінші орын (+0.39) алды. Ал, финляндиялық шаңғышы Криста Пярмякоски (+3.56) үштікті қортындылады.

Мәреге 27-інші болып жеткен Анна Шевченко (+14.53) қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижеге қол жеткізді. Осылайша, павлодарлық қыз жартылай финалда өнер көрсететін мүмкіндікке ие болды.

Қалған шаңғышылар үздік 30 спортшының тізіме ене алмады. Елена Коломина 55-інші (+30.48), Валерия Тюленева 60-ыншы (+38.53) болды.

Айта кетейік, шешуші жарыс бүгін Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Іріктеу кезеңіне 68 спортшы қатысты.

Абзал Қабдраш
Фото: www.inform.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт