Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов айтты.

- Қоныстандыру Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, және Қызылорда облыстарынан ұйымдастырылуда, - деді Қайрат Нұрмағамбетов. - Еңбек жасындағылардың 70%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Олардың барлығына нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында көрсетілген жол шығындарын өтеу, үй жалдау және коммуналдық төлемдерге арналған субсидия толығымен төленді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылы Павлодар облысына 349 этникалық қазақ көшіп келіп оралман мәртебесін алды. Оралмандар «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңнамасында көрсетілген барлық жеңілдіктерді алады. Олар қоныстанған жерлерде мектеп жасындағы балалары мектепке қамтылып, жергілікті жерлерге тезірек бейімделулеріне жан-жақты көмек көрсетілді. ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек пен әлеуметтік жәрдемақылар және зейнетақылар ҚР заңнамаларына сәйкес төленуде.

Бұған қоса, 50 отбасы (176 адам) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және көші-қон қаражаты мен тұрғын үй жалдап тұру үшін субсидия түріндегі мемлекеттік қолдауларды алды.

Қайрат Нұрмағамбетов ендігі кезекте қоныс аударушылар өздеріне төленетін субсидияны ай сайын емес, бірден бір жылдық мөлшерде алып, баспана сатып алуларына болатынын атап өтті.

- Қоныс аударғандарға ай сайын субсидия төленетін, - деді Қайрат Нұрмағамбетов. – Баспана жалдауға берілетін қаражатты енді олар бір жылдық мөлшерде алуларына болады. Егер сатып алатын үй тапса, 21 АЕК мөлшерінде 600 теңгедей ақша беріледі. Қазіргі кезде өңіріміздің кей ауылдарында 200 мың теңгеге де үй сатылады. Егер белгіленген мөлшерден арзан бағаға үй табылса, артылған ақша өздерінде қалады.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz