Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство жаңа өндіріс орындарының есебінен 31 мың адамның жұмыспен қамтылғанын айтып өтті.

«2017 жылы 120 жоба іске қосылды. Олардың жалпы құны 1,5 трлн теңге болады. Осы жобалардың арқасында 10 адам жұмыспен қамтылып отыр», - деді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіндегілер.

Мұнымен қатар, 2018 жылы құны 1 трлн теңге болатын 150 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Аталған жоба 14 мың жұмыс орнын ұсынады.

2017 жылы маңызды жобалар қатарына Атырау облысындағы «Жігермұнайсервис» әдістерін қолдану арқылы металл құрастыру кірді. Инвестицияның көлемі 2,5 млрд теңге; құны 3,9 млрд теңге болатын Жамбыл облысындағы Alina Holding гипс және құрылысқа арналған қоспалар әзірлейтін зауыттар кешені; құны 4,9 млрд теңге болатын Павлодар облысындағы Giessenhaus алюминий зауыты, құны 63 млн доллар болатын Ақмола облысындағы «Қазақалтын Technology» фабрикасы; құны 3,4 млрд теңге болатын Қарағанды облысындағы «Recycling» компаниялары да кірді. Соңғысы транспорттық заттар, арнайы техникалар және ауыл шаруашылық машиналарының қалдықтарынан түрлі-түсті металл, алюминий, болат және шойын әзірлейді.

Мұнымен қатар, Инвестициялар және даму министрлігі құны 187,5 млн болатын 2017 жылы іске қосылған жобалар туралы айтып берді. Аталған жобалардың инвесторлары Қытай, Ресей, Австрия, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея және Польша болып табылады. Ең көп инвестиция арнайы экономикалық аймақ территориясында салынған «Қорғас – Шығыс қақпасы» кемежайына бағытталды. Инвестициясының көлемі – 90 млн доллар. Екінші және үшінші орынға Қытаймен бірге Польша жайғасты. Әрқайсысы 22 млн доллар көлемінде инвестиция ұсынған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: