«Рухани жаңғыру» жобасы аясында  ұйымдастырылған  сайысқа жоғары  және арнайы оқу орындарының студенттері қатысты.   Қатысушыларға физика, тарих, әдебиет және спорт саласына қатысты сұрақтар қойылды.

Жастар бастамаларының дамыту орталығының инспекторы Наурызбай Қаршығановтың айтуынша,  бұл ойын еліміз бойынша алғашқы рет Павлодар облысында  бастау алды.

- Басты мақсат - жастардың ойлау қабілетін арттыру, - дейді  Наурызбай Қаршығанов. - Бүгінгі ойынға облысымыздың  төрт оқу орыны қатысуда. Бұл - С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПУ, ИнЕУ және ЕИТИ (Екібастұз қаласы). Ойында  бірінші және төртінші курстардың студенттері   бақ сынамақ. Сайыс үш кезеңнен тұрады. Осы үш кезеңде қатысушыларға кез келген бағытта сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға байланысты ұпай сандары  қойылады. Жастарымыздың осы ойынға қатысып, білімін көрсетіп жатқаны қуантады.  Бұдан әрі де бұл ойын жалғасын табады.

Жастардың арасында ең көп ұпай санын жинаған Екібастұз қаласының Қ.Сәтбаев атындағы институты жеңімпаз атанды.

- Жеңіске жетеміз деп ойлаған жоқ едік. Бірақ командалық ойын болғандықтан, барлығымыз керемет ойын көрсете білдік. Нәтижесінде жеңімпаз атанып отырмыз, – деді ЕИТИ студенті Никита Осташевский.

Жеңімпаз командаға ұлттық нақыштағы былғарыдан жасалған әмиандар мен диплом табысталды.

Қаршыға Сайлаубай

pavlodarnews.kz