Еске сала кетейік, өткен сенбі күні ауыл шаруашылық жәрмеңкесі алғашқы рет жабық,  арнайы жабдықталған ғимаратта өткізілді. Жаңа орын Суворов көшесі, 11 мекенжайы бойынша (Жиhаз фабрикасы аялдамасы) орналасқан. Жәрмеңкенің жаңа орынға ауысуы тұрғындардың арасында дүрлігу тудырған. Ұзын-сонар кезек тұтынушылардың ашуын келтірген. Сондықтан қала басшылығы апта сайын өтетін жәрмеңкені күн сайын өткізу жөнінде шешім қабылдаған.

- Өткен сенбі күні ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жабық орында өткен. Сұраныстың артуына байланысты 15-қаңтардан бастап  күнделікті өткізу туралы шешім қабылданды. Енді қала тұрғындары әлеуметтік-маңызы зор азық-түліктерді өндірушілердің бағасы бойынша сатып ала алады, -  дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Тілеулесов.  

Жәрмеңкенің мақсаты - әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларын (сиыр, жылқы, қой, шошқа еттері, картоп және көкөніс өнімдері) тұрақтандыру, қызмет жасайтын нарықтарға бәсекелестік тудыру, делдалсыз тура өндірушіден сатып алуды ұйымдастыру.

pavlodarnews.kz