«Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық офисінде өткен журналистермен кездесу барысында 2018 жылдың жоспарлары туралы айтылып, өткен жылдың қортындысы шығарылды.

- «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының бірігей жобасы - әдістемелік «Рухани жаңғыру» кабинеті, - дейді офис басшысы Зәуреш Мұқашева. - Оның негізгі мақсаттарының бірі - оқу құралдарының, ғылыми, нормативті материалдардың жүйелігін қамтамасыз ету. Ертіс өңірі танымал тұлғаларға бай мекен. Сондықтан мақтан тұтар тұлғаларымыз туралы ақпараттарды жинап, олар жайлы біліп жүру үшін әдістемедік кабинет ашу аса қажет.

Айта кетейік, «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының тізіліміне 2018 жылы 29 жоба мен 47 іс-шара қосылды. Жалпы құны 871 миллион теңгені құрады.

Өткен жылы осы бағытта 51,3 миллион теңгеге алты жоба, екі іс-шара жүзеге асты.

Абзал Қабдраш
Фото: ivens.kz

pavlodarnews.kz