- Бүгін біз қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының тағы бір ардагерін туған күнімен құттықтап келіп отырмыз, - деді бөлімнің сектор басшысы Ләззат Ахметжанова. - Ең бастысы, біз ардагерлерімізге зор денсаулық тілеп, бүгінгі ұрпаққа осындай бейбіт өмірді сыйлағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Айта кетелік, Антонина Басова 1923 жылы 13-ақпанда Мәскеу облысы Белоомут ауылында дүниеге келген. Сол жердегі мектепті аяқтаған соң, қолөнер училищесіне оқуға түскен. 1943 жылы өз қалауымен майданға аттанып, 244-ші зениттік дивизионның құрамында 2-ші Украин және Беларусь майдандарында соғысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысының жеңісін Германияда «аға сержант» шенімен қарсы алды.

Әскерден шығарылғаннан кейін үйіне оралған соң, әскери қызметкерге тұрмысқа шыққан. Ол өзінің жолдасымен бірге қызмет орынына еріп кеткен. 1953 жылы күйеуі әскер қатарынан шығарылып, жарымен бірге Қазақстанға көшіп келген.
1968 жылы Басовтар Павлодарға қоныстанған. Осы жерде ардагер ағаш өңдеу комбинатына жұмысқа орналасып, сол мекемеде зейнетке шықты. Қазіргі таңда ұлының отбасымен бірге тұрып жатыр.

Антонина Басова ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдері, «Еңбек ардагері» және басқа да марапаттардың иегері.

pavlodarnews.kz