Бұл туралы облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Оқыс оқиға сағат 15:22-де Береке ауылы Молодежный көшесі, 13, № 2 пәтерде орын алды. Үш бөлмелі жеке тұрғын үйде ағаш еден мен төсеніш қызыл жалынның астында қалды. Төрт шаршы метрге жайылған өрт 15:42-де оқшауланып, 15:50-де жойылды. Күйік шалған 1971 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді, - дейді мамандар.

Оқиға орнында үш өрт сөндіруші және екі техника жұмыс істеді.

Абзал Қабдраш

Фото: newsprikamie.ru

pavlodarnews.kz