Ярнбомбинг - қала көшелерінің элементтерін иірімжіппен орап байлаудың  ерекше  түрі. Сондай-ақ оны  тоқылған граффити деп те атайды.

Акцияның мақсаты - оқушыларды табиғатқа және бүкіл қоршаған ортаға,  ағаштарға  қамқорлықпен қарауды үйрету. Оған 1-7 сыныптардың 170 оқушысы және ата-аналар қатысты. Бір апта ішінде мектеп оқушылары мен ата-аналары бос уақытта ағаштарға арналған тоқылған киімдер жасаумен айналысты. Қатысушылар шығармашылық шеберлікпен барынша өз қиялдарын көрсетуге тырысты.   



-  Ярнбомбинг бүкіл әлем бойынша  танымал болып келеді және біз тұрғындардың  осы шара туралы білгендерін қалаймыз.  Бұл оларға ұнайды   және қаламызда бірегей ерекше орындар пайда болады деп үміттенеміз. Бүгінгі акцияға қатысушылар  павлодарлықтардың назарын ағаштарға ұқыпты қарау  қажеттілігіне  аударту мақсатында ұйымдастырылды, - дейді мектеп директоры Зәуреш  Ахмадова.

pavlodarnews.kz

Тэги: