Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Сарапшылардың мәліметінше, Орталық Азияда миллионерлер мен миллиардерлердің саны бойынша рейтингте Қазақстан көш бастап тұр.

«2005 жылы ауқатты қазақстандықтардың саны 6 мыңнан көп емес болса, 2015 жылы олардың саны шамамен 7 мыңға жеткен. 2025 жылға қарай еліміздегі миллионерлер мен миллиардерлердің саны 12 мыңнан асып жығылатын болады», – деп мәлімдеді ол.

Бұл сандар әзірге нарықтың 3%-ын ғана алатын еліміздегі luxury-туризмнің дамуы бойынша жақсы болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Ауқатты қазақстандықтар жұбымен немесе отбасымен демалуды жөн санайды екен. Олар көбінесе ең танымал қонақ үйлерді таңдап, жеке ұшақ, люксті көліктерімен жүреді.

Лойдтың айтуынша, 2017 жылдың жаз айларында бай-ауқатты қазақстандықтардың көбі Түркия, Грузия, Шри-Ланка, БАӘ, Мальдив аралдары мен Мысырға барған.

Global Air – American Express-тің бас директоры Гүлден Оспанованың айтуынша, орташа есеппен бай қазақстандықтар бір апталық демалыс үшін адам басына 10 мың АҚШ долларын жұмсайды. Дегенмен бай-ауқаттыларды да дағдарыс айналып өтпеген. Оның ойынша, визалық талаптар күшейтілмеген жағдайда қазақстандықтар демалу үшін бұрынғыдай БАӘ, Түркия және Еуропа мемлекеттеріне бара бермек.

pavlodarnews.kz