Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов қоғамдық кеңес алдында берген есебінде  айтты.

- Былтыр аграрлық саланы қолдауға 16 миллиард теңге жұмсалды, - дейді аймақ басшысы. - Бұл 2016 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артық. Құны 13,5 миллиард теңгеге 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. 508 жұмыс орны құрылды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілермен жеті миллиард теңгеге жуық 650-ден астам техника сатып алынды. Егістіктің жалпы өнімі тоғыз  пайызға өсті. Бүгінгі күні бұл салада жалпы саны 276 кәсіпорын жұмыс жасауда.

Облыс әкімінің айтуынша, Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өңірде ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасын табуда.

-  Енді біз кооперативтердің санына емес, сапасына аса мән беретін боламыз, - деді Болат Бақауов.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz